Еліміздің кей өңірінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін
Бейсенбі күні Қаззақстан аумағының батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында фронталды бөліктердің өтуімен, кей өңірде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Жалпы, республиканың кей өңірінде жел күшейіп, көктайғақ сақталғанымен, күн ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола және Қостанай облыстарының кей аумағында тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.