$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 09:36
Жаңалықтар

Коронавирустан емделу үшін қандай дәрі ішпеген жөн – ДДСҰ кеңесі

ДДСҰ жұқпалы ауруды емдеу үшін ибупрофен дәрісін қолданудың қауіпті екенін айтты

Коронавирустан емделу үшін қандай дәрі ішпеген жөн – ДДСҰ кеңесі
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан емделу үшін парацетамол ішкен дұрыс деп кеңес береді. Бұл туралы ДДСҰ баспасөз хатшысы Кристиан Линдмайер мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

ДДСҰ сондай-ақ, жұқпалы ауруды емдеу үшін ибупрофен дәрісі мен құрамында ибупрофен бар өзге де препараттарды қолданудың қауіпті екенін атап өтті. 

«Ибупрофеннің өлім қаупін арттыратыны туралы жаңа деректер жарияланған жоқ. Зерттеу жұмыстары әлі де жеткіліксіз болуда, сондықтан сарапшылар тиісті деректерді зерттеп жатыр. Біз қазірше тек парацетамолды ғана пайдаланған жөн деп кеңес берер едік, ал өзін-өзі емдеуге ибупрофенді қолданбаған дұрыс», – деді ол.    

Линдмайердің айтуынша, ибупрофенді егер медициналық көрсеткіштері бойынша қажет деп тапса, дәрігердің тағайындауымен ғана қабылдауға болады.

Сондай-ақ, Италияда коронавируспен ауырғандарды емдеу кезінде әдетте ревматоидті артритті емдеуде қолданылатын дәрілердің жақсы көмектесетіні белгілі болған. 

«Қазіргі уақытта Sars-CoV-2 коронавирусына қарсы ешқандай дәрі де, вакцина да жоқ, алайда ревматоидті артрит пен қатерлі ісікті емдеу кезінде қолданылатын дәрілер Covid-19 вирусы туындататын пневмонияның ауыр түрін емдеуде өз тиімділігін көрсетіп отыр», – деді ол. 

Серіктес жаңалықтары