$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 10:39
Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған 19-шы адам Ресей азаматы болып шықты

Ол елімізге 15 наурызда ұшып келген

Алматыда коронавирус жұқтырған 19-шы адам Ресей азаматы болып шықты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда коронавирус жұқтырған 19-шы адамның тіркелгенін хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, науқасқа шалдыққан ер азамат Ресей азаматы деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

COVID-19 вирусын жұқтырған науқас елімізге 15 наурызда Мәскеуден келген.

«Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір азамат анықталды. Ол – 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы, 15 наурыз күні Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір карантинде стационарға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 37 адам анықталып, карантинге жабылған. Олардың 19-ы – Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Серіктес жаңалықтары