ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте тағы 225 адам індет жұқтырған

Нұр-Сұлтанда медициналық маскаларды қымбатқа сатқандар тергеліп жатыр

Масканы сатудан түскен пайданың жалпы сомасы 12 млн 500 мың теңгені құрады

Фото: баспасөз қызметінен

Нұр-Сұлтан қаласында медициналық маскаларды қымбат бағаға сатқан бір топ азамат анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«2020 жылғы 18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады. Республикадағы төтенше жағдайға орай елордалық бір топ азамат халыққа қымбат бағада 55 мың дана медициналық масканы сатумен айналысқан. Сондай-ақ, олардың бұл маскаларға берілетін арнайы құжаттары болмаған. Масканы сатудан түскен пайданың жалпы сомасы 12 млн 500 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген мәліметте.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандықтар бетперделерді қымбат бағаға сату фактілері туралы сенім телефондарына хабарлай алады.

«Егер медициналық маска мен антисептика құралдарының бағасын негізсіз көтеру фактілерінің куәсі болсаңыздар, келесі сенім телефондары бойынша: ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті – 8 (7172) 70-84-78, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД – 8 (7172) 31-61-45 хабарласуды сұраймыз», - деді ведомстводан.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған