ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері үйлеріне бармайды - Басқарма басшысы

Оларға ғимараттың бір бөлігінде жағдай жасалған

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте коронавирус жұқтырған адамдарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері үйлеріне бармайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Инфекция анықталған аурулар жатқан мекемедегі 60-тан астам дәрігер мен мейірбикелер сол жерден шықпайды. Ғимараттың бір бөлігінде оларға жағдай жасалған. Жұмыс уақыты біткен соң сол жерде демалып, тамақтанады. Содан кейін келесі ауысымға жұмысқа түседі. Бұл індетке байланысты қолға алған шарамыз», - деді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, елордада коронавирус жұқтырған 18 адам бар. Олардың ең кішісі- 14, ал үлкені 59 жаста.

«Коронавирус жұқтырған елордадағы 18 адам да Қазақстан азаматтары. Ең кішісі - 14 жаста, екі адамның жасы 59-да. Жалпы, вирус жұқтырғандардың 70 пайызы 30 бен 49 жас аралығындағы азаматтар. Барлығының жағдайы жақсы, дене қызулары қалыпты. Қажетті емдеу шаралары жасалып, медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол.