Қошанов депутаттар алдында Мемлекет басшысы жүктеген міндет тұрғанын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Келесі аптада депутаттар өңірлерге шығады

Фото Ж. Жұмабеков

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент сессияның жұмысын қорытындылады,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біз осы сессияда заң шығару жұмысына ерекше қарқын бердік. Сол қарқынды алдағы уақытта да сақтаудың маңызы зор. Парламентарийлер келесі сессияда сайлаушылардың өзекті мәселелерін шешуге, Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға ерекше екпін беруге тиіс. Біз Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемдер мәселесі жөніндегі заң жобасымен жұмысты жалғастыратын боламыз. Бұл – Президенттің ауқымды реформалары аясындағы негізгі бастамасының бірі», - деді Қошанов.

Мәжіліс спикері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Салық, Бюджет, Су, Қала құрылысы кодекстерімен, Мемлекеттік сатып алу, Ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобаларымен жұмыс істеу міндеті алда тұрғанын айтты.

«Келесі аптадан бастап бәріміз өңірлерге шығамыз. Сол кезде қаралатын заңдар бойынша халықпен  тереңірек пікір алмасу, жұртшылықтың ойын білу маңызды. Парламент заңдарды халық үшін және халықпен бірге жазады. Бұл – біздің басты ұстанымымыз», - деді ол.