$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі

Тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС мекемесіне тапсырылды

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді», - деп хабарлады ІІМ.

24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары