Алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат берілді
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов арнайы брифингте 22 наурыздан бастап мегаполистің толықтай жабылатынын, әуе және теміржол қозғалысы тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады», - деді ол.
Алматылықтарға қалаға оралуға үш күн берілді. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді.