ШұғылCOVID-19: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты

Індеттен сегіз мыңнан астам адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Джон Хопкинс университетінің деректері бойынша, қазіргі уақытта әлем бойынша 214 428 адам ауруға шалдығып, 8 мыңнан астамы көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 деп атаған жаңа коронавирус 150-ден астам елде тараған.

ДДҰ бұл індетті жаһандық пандемия деп жариялады. Қазіргі уақытта тіркелген індеттің 50% астамы Қытайдан тысқары елдерде анықталған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирусты 80 мыңнан астам адам жұқтырған. Инфекцияға шалдыққандар бойынша екінші орында Италия (35730), үшінші орында - Иран (17361) тұр.

Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті.