Мұхит түбінен шығарылған қайық сынығының ішінен адам қалдықтары табылды

Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде сүйектің кімге тиесілі екені анықталып жатыр

Мұхит түбінен шығарылған қайық сынығының ішінен адам қалдықтары табылды
Фото: CBC/ Paul Pickett

«Титан» батискафының сынықтарымен бірге адам денесінің қалдықтары табылды. Бұл туралы АҚШ-тың жағалау күзеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Euronews жазуынша, қазіргі уақытта табылған адам сүйегі қадықтарының кімге тиесілі екені анықталып жатыр.  

Белгілі болғандай, суасты қайығының сынықтары бір күн бұрын Канаданың Сент-Джонс қаласының портына жеткізілген. Қазір мұхиттағы іздеу жұмыстары аяқталды.

Айта кетерлігі, Атлант мұхитының түбінен батискафтың тұмсық бөлігі мен сыртқы корпусының, сондай-ақ бөлігінің бөлшектері шығарылды.

Еске салсақ, бортында бес адам отырған «Титан» батискафы 18 маусымда су астында жатқан әйгілі «Титаник» кемесіне экспедицияға аттанған, артында 2 сағат өтпей жатып онымен байланыс үзілген.

22 маусымда борттағы 5 адамның бәрінің өлі деп саналғаны белгілі болды. Келесі күні «Титанның» сынықтары табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, суасты қайығы мұхит тереңіндегі қысымға төтеп бере алмаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.