$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді – Мәжіліс спикері

Ерлан Қошанов Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерді де атап өтті

«AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді – Мәжіліс спикері

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында «AMANAT» партиясының рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» дегенде ойға не оралады?«AMANAT» – бұл еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш. «AMANAT» дегеніміз – 800 мың партияластар. «AMANAT» дегеніміз – 2,5 мың мәслихат депутаттары. Бүгінгі таңда әр облыста, әр қала мен ауданда партия бөлімшелеріміз бар. Әр елдімекенде бастауыш ұйым жұмыс істейді. Біз әрдайым елмен біргеміз. Елдің қалың ортасында жүрміз. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады. Бір сөзбен айтқанда, «AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді», - деді Ерлан Қошанов.

Ол атағандай, әлеуметтік құндылықтардың өзгеруі керегін айтты.

«Күні кеше ғана, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда, Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясын ұсынды. Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар.  Ал, осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды. Бүгінгі Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысып жатыр. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланады.

Серіктес жаңалықтары