$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құрбандықты уақытынан ерте және кеш шалуға болмайды – Дүйсенбай

Айт намазы Астана қаласында таңғы 6:00 де басталады

Құрбандықты уақытынан ерте және кеш шалуға болмайды – Дүйсенбай
Фото ашық дереккөзден

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құрбандық шалудың уақыты туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ертең, яғни 27 маусым – Арапа күні болса, 28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Құрбан шалудың уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталса, аяқталуы 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды. Айт намазы Астана қаласында таңғы 6:00 де басталады. Өзге қалалар туралы Муфтияткз сайтынан қарап алсаңыздар болады», - деді Кенжетай Дүйсенбай.

Хадистерде келгендей, айт күндері жасалатын игі істердің ең абзалы – құрбан шалу.

«Ханафи мәзһабы бойынша (құрбан айт күндері) құрбан шалуға шамасы келген дәулетті (қажетінен тыс зекеттің нисап мөлшеріне жеткен), азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп, яғни міндет. Құрбан шалудың мұсылман баласына міндет екендігіне қасиетті Құрандағы «Раббың үшін намаз оқып, құрбан шал!» деген аят, сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жағдайы бола тұра құрбандық шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын», – деген қатаң ескертуі дәлел болады. Демек, күнделікті күнкөрісінен бөлек артық дүниесі бар мұсылманның құрбан шалуы міндетті. Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі. Ал ерінен бөлек әйелінің де табысы, күнкөрісінен тыс артық мөлшерде дүниесі болса, ол да өз атынан құрбан шалуы тиіс», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары