«Қарулы бүлік дайындағандардың бәрі жазаланады»: Владимир Путин ресми мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ресей әскерлері қарулы көтеріліс ұйымдастырғандарды бейтараптандыру туралы қажетті бұйрық алды

Бейнеден кадр

Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирге шығып, үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресей әскерлері қарулы көтеріліс ұйымдастырғандарды бейтараптандыру туралы қажетті бұйрық алды, деді президент Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде.

«Саналы түрде сатқындық жолына түскендердің, қарулы бүлік дайындағандардың, бүлік пен террористік әдістердің жолына түскендердің бәрі жақын арада жазаланады, заң алдында және біздің халқымыздың алдында жауап береді», - деді Ресей президенті.