$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Арқалық жылу электр орталығы тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген

Олардың құны 7,4 млрд теңгені құрап отыр

Арқалық жылу электр орталығы тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудиттің қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қостанай облысының Арқалық қаласында тапсырыс беруші – ТКШ бөлімі екі жобаны қабылдады. Олар: «Арқалық қаласын 2030 жылға дейін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» және «Қуаты 2,5 МВт болатын №2 станцияның турбоагрегатын ауыстыру бойынша Арқалық ЖЭО реконструкциялау». Олардың толық дайын болмағандағы жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайды», - деді Годунова.

Ол атағандай, нәтижесінде Арқалық ЖЭО тек қағаз жүзінде пайдалануға берілді.

«Мемлекеттік сараптама қорытындысында айқындалған құрылыс ұзақтығының мерзімдері сақталмайды. Мысалы, «Астана қаласының ЖЭО-2 кеңейту» жобасын іске асыру ұзақтығы 7,5 жылға есептелген. Бұл нысанды қайта құру 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда және 2016 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда, барлық ұзартуды ескере отырып, аяқтау биылдың соңына жоспарланып отыр», - деді ол.

Годунованың айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін объектілерді пайдаланушы ұйым әртүрлі сылтаулармен қабылдамайды, ал іс жүзінде салық міндеттемелерінің ұлғаюына жол бермеу үшін жасалады.

«Тек Астана қаласы бойынша 30 млрд теңгеге осындай 14 нысан бар.Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін ауыз сумен жабдықтау объектілеріне ұқсас жылумен жабдықтау объектілері бойынша мүлік салығының мөлшерлемесін қысқарту бөлігінде салық кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары