35 науқас: Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

17 наурызда бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының өзінде вирус 14 адамнан анықталған еді.

Қазақстанда COVID-19 жаңа вирусын жұқтырған науқастардың саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Коронавирус Алматыда тағы екі адамнан анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп олардың кім екендерін айтып берді.

«Құрметті қазақстандықтар. Коронавирус індетін жұқтырған тағы екі азамат тіркелді. Оның біріншісі – 1998 жылғы қыз бала, студент. Ыстамбұл-Алматы рейсі арқылы Алматы қаласына 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі – 1974 жылғы әйел адам, оныншы наурыз күні Мәскеуден ұшып келген. Екеуі де қазір станционарда, ем қабылдауда. Жағдайлары жақсы. Қазіргі сағатта Алматы қаласы бойынша 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, барлығы 35 науқыс тіркеліп отыр», - деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланған. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына карантин енгізіледі.