Қазақстан өзін алмамен толық қамтамасыз етеді – министр

Аягөз Құрмаш

Келесі жылы алманың жалпы өнімділігі 352,5 мың тоннаға дейін жеткізілмек

Қазақстан өзін алмамен толық қамтамасыз етеді – министр
Фото ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында алма шаруашылығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Министрлік бау-бақша шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетті көріп отыр. Бұрын қойылған міндеттердің бірі - алма бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ету. Мәселен, 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидияны енгізе отырып, өнеркәсіптік алма бақтары алаңын 7,2 мың гектарға өсіріп, 28,9 мың гектарға жеткізілді», - деді ол.

Қарашөкеев атағандай, осы уақытта ұйымдасқан шаруашылықтардағы жалпы өнім 92 мың тоннадан 205 мың тоннаға дейін яғни 2,2 есеге өсті.

«Жалпы аталған кезеңде барлық алма бағының алаңы 35,7 мың гектарға дейін ұлғайтылды, ал жалпы өнім 157 мың тоннадан 260 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. 2024 жылға қарай алманың жалпы өнімділігі 352,5 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етіледі деп күтіліп отыр», - деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.