Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 33 адамға жетті
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бір жаңа жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 33-жағдайы расталды, олардың ішінде Алматыда - 15 жағдай, Нұр-Сұлтанда - 18 жағдай тіркелді», - делінген 17 наурыз күні сағат 19.00-де коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарламада.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33 адамға жетті.