ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Коронавирус жұқтырған алматылық үш адамның қатарында 2 жасар қыз бар

Ол Берлин –Минск – Алматы рейсімен ұшып келген

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда коронавирус жұқтырған тағы үш адамның тіркелгенін мәлімдеген болатын. Олардың қатарында 2 жасар сәби де бар.

2018 жылы туған қыз бала 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы рейсімен ұшқан борттың ішінде болған. Ол қазір Алматыдағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Үш адамның екіншісі – 1966 жылы туған ер азамат. Ол 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Үшінші адам – 1956 жылғы ер адам. Ол да дәл сол Мәскеуден келген бортта болған.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті. Олардың 11-і Алматыда тіркелсе, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Тағы бір қазақстандық Германияда ем қабылдап жатыр.