ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде кинотеатрлар мен театрлар 1 жылға салықтан босатылады

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер де салық түрлерін төлемейді

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және спорттық нысандар мүлік салығынан босатылады. Бұл туралы Үкіметте ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады.

Оларға бір тоқсанға өсімпұл есептелмейді және 3 тоқсандағы салықтық есептілік мерзімі ауыстырылады.

Агроөнеркәсіптік кешенге де салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

«Мұнда ірі қара төлдейтін малды, асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтердің импортына қосылған құн салығынан босату болжанған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 7 мыңдай субъект  ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салынатын салықты төлеуден босатылатын болады», - деді Р. Дәленов.

Ал жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылады.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 120 инфрақұрылым саласында 120 мың жұмыс орны ашылмақ. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына бөлінген ақша – 300 млрд теңге.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан