Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 22 млрд теңгеден асты

Автор: Azattyq Rýhy

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын

Фото ашық дереккөзден

12 маусымдағы мәліметке бойынша, қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 22 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, республика бойынша 496,7 мың жеке тұлғаның көлік құралдары салығы бойынша берешегі – 22,4 млрд теңге, оның ішінде негізгі қарыз – 17,5 млрд теңге, өсімпұл – 4,9 млрд теңге.

Өңірлер бойынша алып қарағанда қарызы ең көп салық төлеушілер:

Алматы облысында 57,7 мың адам – 3,0 млрд теңге;

Алматы қаласында 53,6 мың адам – 4,9 млрд теңге;

Түркістан облысында 53,6 мың адам – 1,2 млрд теңге;

Шымкент қаласында 39,9 мың адам – 1,5 млрд теңге;

Астана қаласында 37,0 мың адам – 2,5 млрд. теңге.

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын.