Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған
Семей қаласындағы Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында.
Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.
Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған.