$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жол ережесін 70 рет бұзған такси жүргізушісі жауапқа тартылды

Жалпы төленбеген әкімшілік айыппұл сомасы 1 млн 200 мың теңгеден асады

Түркістан облысында жол ережесін 70 рет бұзған такси жүргізушісі жауапқа тартылды
Бейнеден кадр

Түркістан облысында жол ережесін 70 рет бұзған такси жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген көлік иесі «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен анықталды.

40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.

Жалпы төленбеген әкімшілік айыппұл сомасы 1 млн 200 000 теңгеден асады.

Армян нөмірін таққан «Хонда» көлігі айыптұраққа қойылды.

«Маусым айының 7-30 аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Түркістан облысының полицейлері аталған іс-шара барысында төленбеген айыппұлы бар 73 автокөлікті анықтап, айыптұраққа қойды» делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары