Өртті сөндіруге 1 900-ден астам адам, 360 жуық бірлік техника жұмылдырылған
ТЖМ басшысы барлық күштер мен құралдар орман өрттерінің елді мекендерге өтуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 900-ден астам адам, 360 жуық бірлік техника жұмылдырылған.
Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 1 526 рет жалпы көлемі 4 486 тонна су төгілді.