$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Басынан күн өткен: Павлодарда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды

Ол 7 маусым күні үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен

Басынан күн өткен: Павлодарда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол күн өтіп кеткеннен көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні сағат 14:20-да Павлодар ауданында Коряковка ауылы маңында тұзды көл маңында 2003 жылы туған жігіттің денесі табылған.

«Алдын ала болжам бойынша, күн өтіп кеткеннен көз жұмған.  Жанында олимпиадалық рюкзак, ұялы телефон және құлаққап табылды», – деді департаментте.

Естеріңізге сала кетейік, Рауан Махмудов 7  маусым күні Павлодар қаласында үйінен белгісіз бағытта қызыл жолақтары бар қара велосипедпен шығып кеткен, рюкзагы болған.  Куәгерлер оны Успен тас жолында көргенін айтқан. Еріктілер екі күн қатарынан сол жақта орналасқан барлық ауылдарды аралап шыққан.  

Серіктес жаңалықтары