09.06.2023, 11:13
Жаңалықтар
Алматыдағы жазғы кафенің төбесіне тал құлады
Оқиға видеоға түсіп қалған
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Орталық демалыс саябағында орналасқан кафелердің бірінің төбесіне ағаштың құлаған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқыс оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп үлгерген.
Бейнежазбадан саябақтың ішінде орналасқан жазғы кафенің шатырына үлкен ағаштың құлағаны анық көрінеді. Ағаш бұтағы сынып кетіп, кафенің шеткі бөлігіне құлап, бағаналарын қиратқан. Абырой болғанда, ересектер мен балалар оқиға орнынан қашып үлгерген.
Бейнежазба авторының жазуынша, зардап шеккендер жоқ.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті аталған жағдай бойынша шақырту түспегенін мәлімдеді.
Көп оқылған
13.05.2026, 16:50
«Үшкір затпен қорқытады»: «Қапланбек» бекетінде адамдардың зәресін ұшырған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
13.05.2026, 11:37
«Қанға боялған денесін жасырып қойған»: Қызылордада жатақханадан студенттің мәйіті табылды (ВИДЕО)
13.05.2026, 15:03
«Екі жыл бойы жалған ақпарат таратып келеді»: Айтбек Амангелді Бишімбаевтың қарындасымен соттасты (ВИДЕО)
13.05.2026, 10:44
Құралайдың салқыны: алдағы күндері Қазақстанда 6 градус үсік болады