«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеріс нәтижесінде «Жол картасы» бағдарламасы орындалмағаны анықталды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар24 телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық экология департаменті 2022 жылы қыркүйек-қазан айларында кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде компанияға қатысты «Жол картасы» бағдарламасы орындалмағаны анықталды. Атап айтқанда, Жылу Электр Орталығы 2 агломерация, дом-на пеші, нөмірі екінші және үшінші күйдіру цехтарында шығарындылар қалыпты нормадан асып кеткен.