$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

Астана қаласында 261 бастауыш партия ұйымдарынан құралған 35 мыңнан астам партия мүшесі бар

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында партияға қабылдау салтанатты шарасы өтті. Жаңа мүшелерді қабылдау жиынына өңірлік партия филиалы Төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов қатысты. Ол саяси ұйымның міндеттеріне баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Партия қатарына білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдары қосылды.

«Партия мүшесі атану - үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Біздің мүддеміз ортақ, мақсатымыз бір. Ол – елдегі тұрақтылықты сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту, ұлтты біріктіру. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз керек. «AMANAT» қатарына 800 мыңнан астам қазақстандықты біріктіретін саяси күш. Партияны трансформациялауға қатысты жобаларды іске асыруға сіздерді де атсалысады деп сенемін. Тәуекел еткен ел мүддесі жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!»,  – деді Төраға орынбасары.

Сондай-ақ Сақтаған Сәдуақасов партияның белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, барлық азамат үшін тең мүмкіндік жасауға, жасампаз еңбек идеясын ілгерілетуге бағытталған және т.б. бірқатар партиялық жоба мен бастаманың іске асырылып жатқанын айтты.

«AMANAT»-қа қабылданғандардың қатарында BIG TAU CLINIC бас директоры Гульжан Алиева, «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығының директоры Айжамал Төлегенова, «Өнеге» денсаулық орталығының басшысы Жазира Тұрсынбекова, Инфинити тұрғын үй кешені мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Арыстан Керімбеков, Паллиативтік медициналық көмек орталығының басшысы Гүлмира Князбекова және т.б бар.

«BIG TAU CLINIC бас директоры Гүлжан Әлиева атап өткендей, еліміздің игілігі жолында  барлық азамат бірігуге тиіс. Мемлекеттің негізгі байлығы - халық болса, халықтың басты дәулеті денсаулық. Партияға кірудегі себебіміз - әрбір адамға «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік» деген қағиданы жеткізу, партияға өз үлесімізді қосу» - деді орталық директоры.

«AMANAT» партиясы – 24 жылдық тарих пен ресурсқа ие. Партияның филиалдары бүгінге дейін нәтижелі жұмыстарды көрсетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия проблемаларды ашып көрсететін, халық мүддесін қорғайтын қозғаушы күш болу керектігін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Астана қаласында 261 бастауыш партия ұйымдарынан құралған 35 мыңнан астам партия мүшесі бар.

Серіктес жаңалықтары