Ең көп ақша жұмсаған Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары
Қазақстандықтар жыл басынан бері дүкен сөрелерінен 8 триллион теңгеге тауарлар сатып алған. Ең көп ақша жұмсаған Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Биыл қаңтар мен қыркүйек айының аралығында бөлшек саудадан түскен қаражат көлемі 8,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% пайызға артық (2018 жылы 7,2 трлн теңге). Ал ауылдық аймақтарда сауда көлемі 676,2 млрд теңге болған.
Азық түлік тауарлары - 32,4% ( 2,6 трлн)
Тұрмыстық тұтыну тауарлары- 67,6%, (5,4 трлн)
Алматы қаласы бөлшек сауда бойынша 2,5 трлн теңгеге сауда жасап, көш басында тұр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1% артық. Ал астанада бөлшек сауда көлемі 967,9 млрд теңге. Үштікті Қарағанды жалғастырған. Аймақта бөлшек сауда 726,9 млрд теңгеге тең.
Қазақстанда жыл сайын сауда саласында байқау ұйымдастырылады. «Сауда үздiгi – 2019» дәстүрлі байқауында Алматы облысы үздік деп танылған. Павлодарда өткен сайысқа әр аймақтан 100-ге жуық кәсіпорын қатысқан. Республикалық ведмоствоаралық комиссия Алматы өңірінен барған 5 компанияның да өнімдерін жоғары бағалаған.
Бөлшек саудада негізінен жеке кәсіпкерлердің үлесі басым. Жыл басынан бері ШОБ 42,6% (3,4 трлн теңге) сауда жасаған. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,1 трлн теңге болған. Ал ірі кәсіпорындардың үлесі - 1,5 трлн теңге (2018 жылы 679,9 млрд)