$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қоғам елдің саяси өміріне араласа бастады, бұл - Президент реформаларының ең маңызды нәтижесінің бірі – Ерлан Қошанов

Ол халықтық коалиция елдегі саяси партиялар мен ондаған беделді үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқанын айтты

Қоғам елдің саяси өміріне араласа бастады, бұл - Президент реформаларының ең маңызды нәтижесінің бірі – Ерлан Қошанов

Бүгін ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі тарихи референдумның өткеніне тура бір жыл толды. Осы ретте азаматтардың еліміздегі қоғамдық-саяси өмірге араласу мүмкіндігін шын мәнінде кеңейтетін, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтетін негіз қаланды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы көпшілік дауыспен Президент бастаған Әділетті Қазақстанды құру туралы реформалар бағытын қолдады.

«Әрине, бір жылда түпкілікті нәтижелер шығару ерте. Нақты жұмыс істейтін әрі тұрақты демократиялық жүйе құру әрқашан уақытты қажет етеді. Бірақ ең бастысы, азаматтардың еліміздегі қоғамдық-саяси өмірге араласу мүмкіндігін шын мәнінде кеңейтетін, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтетін негіз қаланды. Референдумға, президенттік және парламенттік сайлауларға дайындық барысында барлық өңірді әріптестеріммен бірге бірнеше рет араладық. Халықтық коалиция елдегі саяси партиялар мен ондаған беделді үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, белсенді жұмыс атқарды», - деп жазды AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов сайлауға дайындық кезеңінде мыңдаған кездесулер өтіп, партия өкілдері шалғай ауылдарды, зауыттарды аралап, шахталарға түскенін атап өтті.

«Жастармен, мұнайшылармен, шаруалармен, кәсіпкерлермен әңгімелестік. Мемлекет басшысының реформалары бізді біріктірді және өзгерте алды деп сеніммен айта аламын. Бұған әр жиында, әр ауылда көз жеткіздік. Азаматтарымыз белсенді әрі ұйымшыл бола түсті. Олар өз пікірлерін ашық айтады. Мәселелерді көтеріп, шешімін талап етеді. Қоғам елдің саяси өміріне араласа бастады. Халықтың болашаққа деген сенімі бар. Олар проблемаларды өздері шешкісі келеді және онымен белсенді жұмыс істеуге дайын. Бұл Президенттің бүгінге дейінгі реформаларының ең маңызды нәтижесінің бірі деп ойлаймын», - деп жазды Мәжіліс Төрағасы.

Партия Төрағасы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформаларға да тоқталып өтті.

«Тағы бір айта кететін жайт, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалар – нақты есептелген іс-қимыл жоспары. Ол жабық кабинеттерде жазылған жоқ. Бұл – қоғамның сұранысына берілген нақты жауап. Мемлекет басшысы мен халық арасындағы ауқымды әрі байыпты диалогтың нәтижесі. Естеріңізге сала кетейін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы шешімдерінің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу. Оны барлық мемлекеттік орган басшылыққа алып отыр. Сонан соң Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, кейін Ұлттық құрылтай жұмысын бастады», - деп жазды Ерлан Қошанов

Серіктес жаңалықтары