Ақмола облысында конвейер лентасы қолын жұлып кеткен жұмысшы көз жұмды
Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Ақмола облысында конвейер лентасы қолын жұлып кеткен жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, биылғы маусымның 1-де Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне Астана қаласындағы ауруханаға «қолының травматикалық ампутациясы, травматикалық шок» диагнозымен 47 жастағы ер адамның жеткізілгені хабарланған.
«Кейін анықталғандай, келеңсіз жағдай 42-ші разъез станциясында болған. Ер адам жергілікті өндірістік цехтардың бірінде істен шыққан конвейер лентасын жөндеп жатқан Сол кезде оның қолын жұлып әкеткен. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.