Маңғыстау облысында екі жылдың ішінде 21 мектеп салынбақ

Автор: Azattyq Rýhy

2023 жылға жоспарланған 13 мектептің 10-ын салуға конкурс жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында 2023 жылға дейін 21 мектеп салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста 22 мың орындық 21 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде сегіз мектеп Ақтауда, үшеуі Жаңаөзен қаласында салынады. Сондай-ақ Бейнеу ауданында–  екі, Маңғыстау ауданында – екі, Мұнайлы ауданында алты мектеп салу жоспарлануда. Тізімді жасау кезінде облыстың өзекті мәселелерінің бірі – табиғи туу көрсеткіші мен ішкі көші-қонның артуы ескерілді. 2023 жылға жоспарланған 13 мектептің 10-ын салуға конкурс жарияланды», – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар 2024 жылы 12 900 орындық 13 мектеп, 2025 жылы 9 100 орындық 8 мектеп салу көзделіп отыр. Облыстағы мектептер пайдалануға берілгеннен кейін үш ауысымды 15 мектепте (3999 орын), апатты 2 мектепте (1368 орын) және 34 мектепте (9991 орын) орын тапшылығы жойылады.