ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Соңғы бір тәулікте әлемде 11 мың адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті

Соңғы 24 сағатта әлемде COVID-24 жаңа коронавирусын жұқтырған адамдар саны 10 982-ні құрады. 343 науқас көз жұмған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Осылайша, аталған вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 153 517 адамға жетсе, қайтыс болғандар саны 5375-ті құрады. Ауырғандардың жартысынан астамы Қытай тұрғындары, қалған 72 469 жағдай өзге елдерде тіркелген.

Қазіргі таңда COVID-24 коронавирусы әлемнің 140-тан астам елінде тіркелген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Елімізде ауырғандардың саны 9 адамды құрады. 15 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі 2012 жылы туған қыздың вирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Аурудың жаппай таралуын болдырмау мақсатында Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі аралықта төтенше жағдай жарияланды.