15.03.2020, 17:25
Жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған Алматы тұрғыны жауапқа тартылды
Ол байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартқан
Фото: ria.ru
Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Коронавирус жұқтырған науқастардың бірі - азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.
Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
