$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2019, 10:27
Жаңалықтар

Түркістан облысында балабақша меңгерушісі пара алу үстінде ұсталды

Ол тәрбиешіні жұмысқа қабылдағаны үшін 200 мың теңге алмақ болған

Кентау қаласындағы «Қобыланды бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Sputniknews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қобыланды бөбекжай балабақшасының" меңгерушісіне қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алмақ болған", - делінген ресми хабарламада.

Видеода меңгерушінің кабинетіндегі журналдардың бірінен «пара» деген жазуы бар ақшаның шыққанын көруге болады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

«Кінәсі анықталған соң күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады», - дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары