$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көктемнің соңғы күндерінде ауа райы қандай болады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Көктемнің соңғы күндерінде ауа райы қандай болады
Фото: kzvesti.kz

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер болжамынша, 29-31 мамыр аралығында республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальді бөлімдер айқындайтын болады.

«Өткінші жаңбыр, найзағай болып, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Тек антициклон жотасымен Қызылорда және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

«Қазақстан бойынша күндіз температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста – 28-36 градус ыстық болса, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус, оңтүстікте 32-37 градус, шығыста 20-28 градусқа дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары