$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Назарбаев Университетінің президенті қызметінен кетті

Шигео Катсу оқу орнын 13 жылға жуық басқарды

Назарбаев Университетінің президенті қызметінен кетті
Фото: nu.edu.kz

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін Президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады. Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді», - деп жазылған оқу орны таратқан хабарламада.

Президенттік қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына өз үлесін қосады. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады.

Назарбаев Университеті Шигео Катсудың мұрагерін халықаралық деңгейде іздеп белгілегенше, провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады.  

Доктор Адесида 2016 жылдың қазан айынан бастап Назарбаев Университетінің провосты қызметін атқарды. Назарбаев Университетіне келгенге дейін ол табысты академиялық мансап құрып, Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде (UIUC) түрлі құрметті лауазымдарда қызмет етті.  

Серіктес жаңалықтары