27.05.2023, 09:14
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Петропавл, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
Фото ашық дереккөзден
Бүгін елдегі үш қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Болжам бойынша, 27 мамырда Петропавл, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды