Министрлік оқушыға қырындаған мұғалімнің неге жұмыстан шығарылмағанын түсіндірді
Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқушыға қырындаған мұғалімнің неге жұмыстан шығарылмағанына қатысты ақпарат берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімі 14 жастағы оқушы қызға қырындаған.
Бұл оқиғаны Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзі бақылауда ұстап отырғанын айтты.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төарайымы Насымжан Оспанова атағандай, бұл оқиғаны комитет жіті назарға алған.
«Бұл жағдай бойынша күн сайын ақпарат алынып отыр. Осы жағдайдан соң педагог жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. 124-бап бойынша қозғалған істі Ішкі істер министрлігі қарап жатыр. Оны жұмыстан шығару сот арқылы шешіледі. Біз құқықтық жолмен шешілуін күтіп отырмыз. Сондықтан біз соттың шешімін күтеміз. Ең бастысы, мұғалім шеттетілді», - деді ол.
Оспанова бүгінгі таңда жәбірленушіге психологиялық көмек көрсетілгенін айтты.