Ол - тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы
Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған қазақстандық ғалым Константин Сыроежкин азаматтығынан айрылды деп жазады Тengrinews.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
«Алматы қаласы бойынша қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Сот сондай-ақ, оны Қазақстан азаматтығынан да айырды», - делінген аталған хабарламада.
10 жылдық жазасын өтеп болғаннан кейін ғалым Қазақстан территориясынан шығарылады және елге қайта кіргізілмейді. Ол биыл ақпан айында ұсталған болатын.