Ал Елорда дәріханаларына 100 мың медициналық маска әкелінеді
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жеке гигиена шараларына мұқият көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
«Қолды жиі жуып, жөтел кезінде этикет ережелерін сақтап, антисептиктерді пайдалану керек. Қол беріп амандасудан бас тарту қажет. Сонымен қатар үйде күн сайын ылғалды тазалау жүргізіп, желдетіп тұру маңызды», - деді басқарма басшысы.
Ал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаковтың айтуынша, елорда дәріханаларына 100 мың медицианалық маска жеткізіледі.
«Шымкентте өндірілген медициналық маскалардың алғашқы партиясы қала дәріханаларында бүгін болады. Масканы жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) ауруының белгілері бар адамдар ғана кию керек. Ең қарапайым әрі ең тиімді қорғаныс тәсілдері-қол жуу мен жеке гигиенаны сақтау»,- деді Зекен Исаков.