Шұғыл: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл науқас та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған 

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде мәлімдеді. 

«Науқас 1976 жылғы ер азамат.  Ол Алматыға Германиядан ұшып келген ұшақтың ішінде болған. Қазір ол стационарда. Карантинде ем алып жатыр. Осылайша, коронавирус жұқтырғандардың саны 4 адамға  жетті», - деді ресми өкіл.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бақылауға алынған 1425 адам бар. Оның 938-і карантинге жабылған. Қалғандары үйде оқшауланған.

Бұған дейін  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелгенін  хабарлаған болатын.