Мемлекеттер басшылары Сиань декларациясына қол қойды
Мемлекеттер басшылары «Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.
«Бүгінгі айтылған барлық ұсыныс осы қабылданып жатқан Сиань декларациясында қандай да бір көрініс табатынына сенімдімін. Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» хатшылығын құру идеясын қолдайды.
Хатшылықтың Қытайда жұмыс істеуіне қарсы емеспіз әрі ол қисынды да. Сондай-ақ біз Орталық Азия-Қытай екінші саммитін Қазақстанда өткізуге дайын екенімізді білдіреміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.