16.05.2023, 06:18
Жаңалықтар
Бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Екі қалада ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан бойынша Алматы, Астана қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды