Синоптиктер жұма күнгі ауа райы болжамын жария етті
Жұма, яғни 13 наурыз күні еліміз аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында қалатындықтан, синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, республиканың тек батысында және солтүстік-батыс бөліктерінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты аздап жауын-шашын (жаңбыр түрінде) болуы ықтимал. Еліміздің кей аумағында жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей жерде 28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с дейін артады.
Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей аумағында тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысының кей аумағында тұман және көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.
Қызылорда облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін артады.