Қатты жаңбыр жауады: 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамы

Azattyq Rýhy

Елдің солтүстік жартысында түнгі уақытта аяз әлі де сақталады

Қатты жаңбыр жауады: 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 16-18 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын оңтүстік циклон айқындайтын болады, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі және бұршақ жауады.

«16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамырда орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіліп отыр.

Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжанады. Түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады. Күндізгі уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздіңдің қалған бөлігінде 15-23 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидрометте».

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.