Ақтөбеде жайқалып тұрған 200-ден астам жасыл-желекті кескендер анықталды

Azattyq Rýhy

Бұл дерек қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының прокуратурасында тіркелген

Ақтөбеде жайқалып тұрған 200-ден астам жасыл-желекті кескендер анықталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде жайқалып тұрған 200-ден астам жасыл-желекті кескендер анықталды. Қала іргесіндегі тоғайды қурап тұрған талдардан тазартудың орнына жауапты мекеме жұмысшылары өсіп тұрған ағаштың барлығын отап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Талдау жасаған прокурорлар 236 түптің жойылғанын хабарлап отыр. Табиғатқа келген шығын көлемі 15 млн теңге шамасында. Құзырлы орган өкілдері тоғайға балта ала жүгірмес бұрын зерделеп, қураған талдар саны анықталуы тиіс еді дейді. Алайда бұл жұмыс атқарылмаған.

 «Бұл дерек қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының прокуратурасында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 362-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Үш мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деді қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Земфира Кирбасова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.