$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды

Мопедші курьерлік компаниялардың бірінің 23 жастағы қызметшісі болып шықты

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 мамыр күні сағат 16.00 шамасында Алматының Медеу ауданында болды.

«Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына шлем кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық. Тоқтау туралы бұйрықты орындамады. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке үйлер арасымен қашып кетуге тырысты. Бұдан бөлек, ол жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедші артқа бұрылып, маған қарай әдейі жүрді. Соқтығысудан қашып құтылу мүмкін болмады. Мен құладым. Ал мопедші басқару тетігіне ие бола алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің инспекторы Жәнібек Оразбаев.

Мопедші курьерлік компаниялардың бірінің 23 жастағы қызметшісі болып шықты.

«Зардап шеккен полицей ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылатын болады», - делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары