12.05.2023, 08:56
Жаңалықтар
Түркияда атыс болып, бес адам қаза тапты
Атыс кезінде сондай-ақ тағы екі адам жарақат алған
Фото: twitter.com/gundemedairhs
Түркияның Измир қаласындағы кофеханада атыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy,
Hürriyet басылымының хабарлауынша, атыс кезінде сондай-ақ тағы екі адам жарақат алған.
«Измирдің Мендерес ауданындағы кофеханада екі топ арасындағы төбелес соңы атысқа ұласты. Алдын ала мәлімет бойынша аталған ауданда үрей туғызған қарулы қақтығыс салдарынан бес адам қаза тауып, екі адам жараланды», - деп жазады басылым.
Қарызға бола бір-бірімен жанжалдасқан екі топтың дәмханаға жиналып сөйлескені айтылады.
«Тараптар арасындағы дау соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Оқиға орнына көптеген полиция мен медициналық топ жіберілді. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек