Мұндай шешім коронавируске байланысты қабылданған
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі COVID-19 коронавирусының тез қарқынмен таралуына байланысты «KADEX-2020» VI халықаралық қару-жарақ және технология көрмесінің өткізілу уақыты 2021 жылдың 10-13 маусым айына шегерілгендігін хабарлады.
«Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, көрмеге қатысушылар мен делегаттар алдындағы міндеттемелерді орындауға дайын екендігімізді білдіреміз»,- делінген министрліктің таратқан хабарласында.
Айта кетейік, жоспар бойынша қару-жарақ көрмесі 2020 жылдың 28-31 мамыр аралығында өтуі тиіс болған.