Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 40-тан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Жапонияда құтқару жұмыстарына 100 мыңнан астам адам қатысып жатыр, деп хабарлады ВВС

reuters.com

Жапониядағы «Хагибис» тайфунынан кейін құтқару жұмыстарына 110 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Тайфун салдарынан қырықтан астам адам қаза тауып, 16 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде тұр.

«Бүгінгі таңда тайфун әлсіреді, бірақ мыңдаған полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлер әлі де жұмыс істеп жатыр. Тайфун Жапонияның сегіз префектурасына тарады», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Нагано елді мекенін су басып, әрқайсысы 30 млн доллар тұратын он пойыз су астында қалды. 92 мыңнан астам үй жарықсыз, 120 мыңнан астам үй сусыз отыр.

Жапония билігі 7 миллионнан астам адамға үйлерін тастап кетуді ұсынды, дегенмен билік ұсынысына тек 50 мың адам құлақ асқан.